«Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша арнаулы емтихан

«Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша арнаулы емтихан талапкерлердің педагогикалық қызметке бейімділігін анықтауға бағытталған.
Арнаулы емтиханының мақсаты - талапкердің жеке қасиеттері мен коммуникативтік құзыреттілігін, оның уәждемесі мен саналы педагогикалық қызметті жүзеге асыруға бейімділігін анықтау.

ҚҰРМЕТТІ ТАЛАПКЕРЛЕР!

"Педагогикалық ғылымдар" білім беру салалары бойынша оқуға түсетін тұлғалар Республикалық бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын конкурсына қатысу үшін 2023 жылдың 13 шілдеге дейін арнайы емтихан тапсыруы қажет. 
"Педагогикалық ғылымдар" білім беру салалары бойынша  оқуға түсетін тұлғалар ЖОО-ға ақылы оқуға қабылдау үшін 2023 жылдың 20 тамызға дейін арнайы емтихан тапсыруы қажет. 
Арнайы емтиханды өткізу орны мен уақыты:  Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті “Шаңырақ” ғимараты, 2-ші қабат, 239 кабинет, дүйсенбі-жұма сағат 9:00-ден 18:00-ге, сенбі күндері сағат 09:00-ден 14:00-ге дейін    

 
 
 
Қазақ