Қажетті құжаттар тізімі

ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ

1) ЖЖОКБҰ басшысының атына еркін түрде өтініш;

2) білім туралы құжат (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде түпнұсқасы);

3) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);

4) шетелдік азаматтарды қоспағанда, ҰТО берген мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсырғаны туралы ресми сертификат (ҚАЗТЕСТ);

5) шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат:

ағылшын тілін меңгеру бойынша:

•IELTS Academic (АЙЛТС Академик), шекті балл кемінде – 5.0;
•TOEFL IBT  (ТОЙФЛ АЙБИТИ), шекті балл кемінде – 35 балл;     
•TOEFL ITP (ТОЙФЛ АЙТИПИ), шекті балл кемінде – 417;
•TOEIC, шекті балл кемінде – 550;
•Duolingo English Test, шекті балл кемінде – 80;

неміс тілін меңгеру бойынша:

Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang Niveau В1 (DSH, Niveau В1) (ДЙСИЭИЧ, ниво В1) – В1 деңгейінен төмен емес;

TestDaF-Prufung Niveau В1 (TDF Niveau В1) (ТЙДИЭФ, ниво В1) – В1 деңгейінен төмен емес;

француз тілін меңгеру бойынша:

•Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang Niveau В1 (DSH, Niveau В1) (ДЙСИЭИЧ, ниво В1) – В1 деңгейінен төмен емес;
•TestDaF-Prufung Niveau  (TDF Niveau В1) – В1 деңгейінен төмен емес;

француз тілін меңгеру бойынша:

•Test de Français International (Тест де франсэ Интернасиональ) (TFI) (ТФИ) - оқу және тыңдау секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес;
•Diplome d’Etudes en Langue français (Диплом дэтюд ан Ланг франсэз) (DELF) (ДЭЛФ) – В1 деңгейінен төмен емес;
•Diplome Approfondi de Langue français (Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз) (DALF) (ДАЛФ) – В1 деңгейінен төмен емес;
•Test de connaissance du français (Тест де коннэссанс дю франсэ) (TCF) (ТСФ) – В2 деңгейінен төмен емес;

6) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/у нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық анықтама;

Белгілі бір аумақта шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда осы іс-шаралардың алынуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына медициналық анықтама ұсынады.

7) 3x4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;

8) шетелдік азаматтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қызметін растайтын құжат;

9) соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми жарияланымдар тізімі (болған жағдайда), зерттеулер жүргізу жоспары және эссе;

10) алдын ала іріктеу нәтижелері ("Денсаулық сақтау" білім саласы бойынша);

 

Қазақ